Ұн тиелген жылжымалы құрамдар 3257 шақырымды 120 сағатта жүріп өтеді. Аталмыш бағдар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ының жылжымалы құрамды тиімді пайдалану жобасы бойынша жүзеге асырылды. Жүк пойыздарының қозғалысы белгіленген кестемен баламалы жолаушылар қозғалысының бағдарымен жүргізілді.
Осы бағдар бойынша бекітілген кестеде пойыздың шығуы мен межелі жерге жетуі аралығындағы барлық ұйымдастыру және технологиялық үдерістер көрсетілген. Ендігі жерде жүк жөнелтушілер жылжымалы шатлл құрамның жіберілген кезін біліп, автоматтандырылған құжаттарды ресімдеу мен келісімді және коммерциялық жұмыстарын автоматты басқару жүйесімен қадағалай алады.
«Жобаны табысты жүзеге асыру басқа көлік түрлерімен теміржолдың бәсекеге қабылеттілігін көтере түседі»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Әділет Айтбек.
Оның айтуынша, «бұл қадам жүкті белгілі нақты бағдарға жіберу арқылы вагон айналымы мерзімін қысқартып, жүктің сақталуын қамтамасыз етеді». Оның сыртында бағдарда өндірістік емес, локомотив күтіп қалу секілді тоқталу болмайды. Жоба аясында жүк пойызы Есіл-Сарыағаш- Есіл –Шымкент бағдарына Арқалық-Есіл- Құшмұрын телімдерімен жібереді. Есіл-Сарыағаш 2044 шақырымды 57 сағатта жүріп өтсе, Есіл-Шымкент бағдарындағы пойыз 1834 шақырымды 53 сағатта жүріп өтті.
«Бағдарларды жергілікті астық трейдерлері және ұн кәсіпорындары жоғары бағалады. Технология жүк жөнелтушілерге тасымалдауды ұйымдастыру арқылы экономикалық табыстарға жеткізеді»,-дейді Әділет Айтбек.
Маршрут |
Шығатын күні |
Шығу уақыты |
Жол жүру мерзімі |
Бағдар жылдамдығы |
Қостанай-Галаба |
4.11.17ж. |
14-00 сағ |
120 сағ |
651 км/сут |
Қостанай-Галаба |
5.11.17ж. |
13-40 сағ |
120 сағ |
651 км/сут |
Қостанай-Галаба |
7.11.17ж |
14-00 сағ |
120 сағ |
651 км/сут |
Есіл-Сарыағаш |
4.11.17ж. |
17-30 сағ |
57 сағ |
820 км/сут |
Есил-Шымкент |
4.11.17ж. |
20-30 сағ |
53 сағ |
830 км/сут |
|
|
|
|
|
Биылғы қарашада Қостанай өңірінде 5607 вагонға астық, 2181 вагонға ұн тиеуге алдын ала тапсырыс берілген. Облыстық әкімдікте астық пен ұн тасымалдауға қатысты мәселе туындаса, жедел шешуге арналған штаб қызмет етеді. Штаб құрамында мемлекеттік кіріс, фитосанитарлық бақылау, элеваторлар мен жүк жөнелтушілер, барлық тасымалдауға қатысушы теміржол саласының өкілдері тартылған.